Тұрғындардың өтініші партия назарында

Тұрғындардың өтініші партия назарында

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде екі тұрғынның мәселесі қаралды. Олардың өтініші партиялықтардың жеке бақылауына алынды.

Атап айтқанда, өтініш иесі ерей­ментаулық Қайша Жол­дас­баева­ның тұрып жатқан үйінің маңайында сібір жарасымен ауырған малдың қорымы бар еке­ні 2007 жылы анықталған бо­ла­тын. Сондықтан зейнеткер жер­гілікті әкімдіктен қауіпсіз жер­ден үй немесе қаржы бөлуді сұ­рап, біраз уақыт бұрын арыз­дан­ған. Өтініші қанағаттан­дырыл­­мағандықтан, әкімдіктің тү­сінігін заңсыз деп сотқа жү­гін­ген. Нақты дәйектер келтіріл­ме­ген­діктен, сот та істі кері қай­тар­ған. Денсаулығына қауіп төнеті­нін алға тартып, Қайша Нұрыш­қы­зы соңғы үмітін арқалап «Nur Otan» партиясының Ақмола об­­­лыстық фи­лиалының қо­ғам­дық қабыл­дауы­на жазылған. Төрағаның бі­рінші орынбасары Ғалым Бек­мағамбетов өтініш берушінің ары­зын мұқият тыңдап, Ерей­мен­тау аудандық әкімдігіне атал­ған мәселені егжей-тегжейлі зерт­теп, 2 ай уақыт ішінде оң ше­шу мүмкіндігін қарастыруды тап­сырды. Мәселе партияның ба­қылауына алынды. Қоғамдық қабылдауда, әсі­ре­се жетім мен жесірлердің, әлеу­мет­тік аз қамтылған отбасы­лар­дың мәселелеріне үлкен көңіл бө­лінеді. Сондықтан жетім қал­ған студенттің ешкімге қол қу­сыр­май, табыс табуына мүмкін­дік қарастыруды сұраған көк­ше­таулық Ирина Нусстың өтініші де бірден оң шешімін тапты. Қаладағы жоғары тех­ника­лық колледжінің 2-курсында оқи­­тын бозбала оқуын жұмыс­пен ұштастырғысы келеді. Яғни, ол «Тыныс» акционерлік қоға­мы­на жұмысқа орналасқан. Сон­дықтан бұл мәселені шешу мақ­сатында колледж басшысына те­лефон шалынды. Дуальді оқы­ту бойынша аталған мәселе оң­тайлы шешілмек. Партия бұл сұра­қ­ты да жеке бақылауына ал­ды.

А.ЖАСАНҰЛЫ