Жарылыстан жүзден астам үй қираған

Жарылыстан жүзден астам үй қираған

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қой­ма­дағы жарылыстан 118 жыл­жымайтын мүлікке зиян кел­ген. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерция нысаны айтар­лық­тай қираған.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс басқарма­сы­ның басшысы Ерлан Орынбаев айтты. «Жамбылдағы жарылыстың салдарынан қираған ғимарат­тарды қалыпқа келтіру мен шы­ғынды есептеу үшін әкімдік арна­йы топ құрды. 5 жұмыс тобы осы жұмыстармен айналысады. Оның құрамында «ҚазҚСҒЗИ», жо­ба­лық ұйым өкілдері мен ТЖМ өкіл­дері бар», – деді ол Өңірлік ком­муникациялар қызметінде өткен брифингте. Басқарма басшысының айтуынша, 47 нысанға «ҚазҚСҒЗИ» техникалық шешім шығарды. «Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан 118 жеке жылжымайтын мүлікке зардап келген. Оның ішінде 106 тұрғын үй мен 12 ком­мер­циялық ұйым. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық ұйым айтарлықтай қираған. Бүгінде 12 мердігерлік ұйым қал­пына келтіру жұмысына кірісті. 23 техника мен 185 қызметкер жұмыс істеп жатыр. 71 тұрғын үй жеңіл қираған. Оның 43-інде жөндеу жұмыстары аяқ­талды», – деді Ерлан Орынбаев. Жамбыл облысы әкімдігінің Құрылыс басқармасының басшысы жөндеу жұмыстары 1-1,5 ай ішінде аяқтау жоспарланғанын айтты.

Мейірім ҚАЙРАТҚЫЗЫ