Егіз бала терезеден құлап кетті

Егіз бала терезеден құлап кетті

Атырау қаласында 1 жас­тағы егіз бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Біреуі ауруханада қайтыс болды.

Бұл туралы Атырау облысы Тө­тенше жағ­дайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Оқыс оқиға 5 қыркүйек күні Атырау қаласында болған. «Береке» шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қаба­тынан 2020 жылы туған 2 баланың (егіз) терезеден құлау дерегі тіркелді. Бұл кезде екі баланың анасы жұмыста бол­ған, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пә­­тер­дің терезелерінде темір тор орнатыл­маған», – делінген хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, баланың біреуі ауруханада қайтыс бол­ды. Ал екіншісі ауруханада жатыр.

М.БАҚЫТЖАН