Алматылық ару бақ сынайды
Алматылық ару бақ сынайды
215
оқылды

Алматылық Лаура Мұхтар Түркияда өтетін сұлулар сайысында Қазақстан намысын қорғайды.

Miss Aura International 2021 сұлулық сайысы 20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Анталия қала­сында өтеді. Сайысқа әлемнің әр түкпірінен 70-тен астам ару жиналады. Мiss Aura International «Дарындылар сайысы», «Шомылу киімдерінің дефилесі», «Кешкі және ұлттық киімдер» секілді үш ке­зеңнен тұрады. Сондай-ақ қа­тысу­шылар әлеуметтік және қайы­рым­дылық акцияларына қаты­сады. Қазір Лаура Мұхтар байқауға белсенді түрде дайындалып жатыр. Айта кету керек, ол аймақтық және халықаралық конкурстарда бірнеше рет бақ сынаған. Бұған дейін ол «Алматы аруы-2018» финалына дейін жетіп, онда «Спорт-дива» және People Choice секілді екі номинацияны жеңіп алған. 2019 жылы Лондонда өткен Miss USSR UK байқауында «ІІ вице-мисс» атанды. Киевтегі Miss Queen Europe 2019 байқауында да басты титулды жеңіп алды.

А.ЖАСАНҰЛЫ