Қоржында екі алтын бар
Қоржында екі алтын бар
© prosports.kz
148
оқылды

Татарстанның Қазан қа­ла­сында ТМД ойындары жал­ғасып жатыр. Қазақстан­дық мергендер нысана көздеуден қор­жынға бір­неше медаль салды.

Атап айтқанда, 50 метрге нысана көздеуден Арина Алтухова алтын, Ирина Безрукова күміс медаль иеленді. Никита Чирюкин пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеу­ден жеңістің екін­ші тұғырына көте­рілді. Сондай-ақ Ирина Локтионова да аталған сында өнер көрсетіп, ал­тын жүлдегер атанды. Ол пневматикалық тапан­шамен 10 метрге нысана көздеу­ден топ жарды.

А.ЖАСАН