Нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Нөсер жаңбыр жауып, дауыл соғады
Фото: news.myseldon.com

Бүгін солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс, оңтүстік және орталығында жаңбыр жауып, найзағай, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының орталығында нөсер жаңбыр жауады. Казақстанның қалған аумағында антициклон жотасының әсерімен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыс және солтүстікте тұман, солтүстік, шығыс және орталықта  бұршақ жауады. Қостанай облысының солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында – найзағай, түнде және таңертең шығыста тұман күтіледі, облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіліп, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының батыс және солтүстігінде найзағай, күндіз солтүстігінде – бұршақ, батыс, солтүстік және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында – найзағай, түнде облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Күндіз Павлодар облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 23 м/с. Түнде Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз Түркістан облысында желдің күшеюі күтіледі, күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с, облыстың солтүстігі және батысында шаңды дауыл соғады. Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Ақтобе, Қостанай облыстарының солтүстігі және шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік және оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.