Астанада әр демалыс сайын ағаш отырғызатын акция басталды – видео
Астанада әр демалыс сайын ағаш отырғызатын акция басталды – видео
Фото: astana.gov.kz
151
оқылды

Астанадағы Президент саябағында экологиялық акция аясында қоғамдық ұйым өкілдері, еріктілер, елордалық жастар және қалалық мәслихат депутаттары 200-ден астам ағаш отырғызды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Әр демалыс сайын елорда тұрғындарын жасыл желек отырғызуға шақырамыз. Жалпы алғанда, біз қала ішінде 200 мың, ал елорданың айналасындағы жасыл белдеу аумағына 800 мың ағаш отырғызамыз. Қаланы көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Олар климатқа әсер етеді, шуды азайтады, шаңды өзіне сіңіреді, биоәртүрлілікті қолдайды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.

Әкім орынбасарының айтуынша, жыл соңына дейін қала аумағын абаттандыру аясында тағы 22 қоғамдық кеңістік ашылады. Атап айтқанда, Президент саябақта спорт және балалар алаңы, ит серуендететін орын ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі акция аясында 113 га. аумаққа созылған Президент саябағына қарағай, терек, емен және қайың көшеттері жалпы саны 200 ағаш отырғызылды. Жақын арада 1000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда. Мемлекет басшысы елді ауқымды көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Ол үшін қалада бірқатар жүйелі шара қабылданды. Елорда әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін мәлім еткендей, биылғы көгалдандырудың ерекшелігі - аула аумақтары, саябақтар, скверлер, бульварлар мен тұрғын үй массивтерінен басқа, қаланың көрікті жерлерінің іргелес аумағын көгалдандыру болмақ. Мысалы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен «Астана балет» аумағында жасыл бақ, Триатлон паркте мамыргүл, ал «Астана опера» жанында емен бағы ашылды.   https://youtu.be/rtHGcgDYM3o