Күйеуі мен балаларының көз алдында келіншекті көлік қағып кетті
Күйеуі мен балаларының көз алдында келіншекті көлік қағып кетті
Фото: zakon.kz
171
оқылды

Оқиға Алматы қаласы Рысқұлов көшесінің бойында Қазыбаев пен Бөкейханов көшелерінің арасында болған. Куәгерлердің айтуынша, екі баласы бар ерлі-зайыпты аялдамада тұрған. Ерлі-зайыптылар ұрысып, төбелесе бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, күйеуі әйелін ұрған. Бас сауғалай қашқан әйел жолға шығып, Toyota Camry көлігінің астына түскен. Жүргізуші жылдамдықты қанша бәсеңдетуге тырысқанымен, бірақ тоқтап үлгере алмады. Соққыдан әйел бірнеше метрге ұшып кетті. Дәрігерлер жапа шеккен әйелді ауыр халде ауруханаға жеткізді. Апаттың себебін мамандар анықтап жатыр.