Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болды
Мексикада магнитудасы 7,1 балл жер сілкінісі болды
Фото: ekogradmoscow.ru

Мексиканың Ұлттық сейсмологиялық қызметі жер сілкінісінің магнитудасы 7,1 балл болғанын хабарлады.

Жер сілкінісі Акапулькодан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым тереңдікте тіркелген. Апаттан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.