Семейде 17 жастағы студент жоғалып кетті
Семейде 17 жастағы студент жоғалып кетті
Фото: ПД-нен алынды
145
оқылды

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйек күні үйінен колледждегі оқуына шығып кеткен Сымбат Сабыров сол күйі қайтып оралмаған.

«Полицияға қоңырау шалған азамат 17 жастағы ағасының жоғалып кеткенін айтты. Оның айтуынша, жасөспірім «Шығыс» саяжайындағы үйден сағат 13:00 шамасында шыққан. Қазіргі уақытта полицейлер іздестіріп жатыр», – деді полицей.

Жоғалған күні Сымбат Сабыров ақ көйлек, қара шалбар мен қара туфли киген. Тәртіп сақшылары оның қайда екендігінен қандай да бір хабары бар азаматтардан 102 немесе 8 747 836 48 53, 8 778 124 89 19 нөміріне хабарласуды сұрайды.