Астанада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды
Астанада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды
Фото: Тұрар Қазанғапов
251
оқылды

Ескерткіш палуанның атындағы Жекпе-жек сарайының алдында орнатылған. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.

Бұған дейін астанадағы Жекпе-жек сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілгенін жазған болатынбыз. Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – грек-рим күресінен спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.