Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейген

Қазақстаннан шетелге ақша аудару үш есе көбейген

Ranking.kz-тің жазуынша, биыл қаңтар-шілде аралығында халықаралық ақша аударымдардың жалпы есебі 544 млрд. теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,9%-ке көп.

  Атап айтқанда, Өзбекстанға – 151,3 млрд. теңге, Түркияға – 108,6 млрд. теңге, Ресейге – 108,3 млрд. теңге және Қырғызстанға 87,7 млрд. теңге аударылған. Одан бөлек, Қытайға 18,8 млрд. теңге, Грузияға 11,7 млрд. теңге көлемінде аударым жасалған.     Ал шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі шетелге жіберілген қаражат көлемінен әлдеқайда аз. Мәселен, Ресейден – 34 млрд. теңге, Өзбекстаннан – 25,8 млрд. теңге, Оңтүстік Кореядан 24,4 млрд. теңге аударылған. Қырғызстан – 18,8 млрд. теңге, Түркиядан – 6,6 млрд. теңге. АҚШ-тан – 18,1 млрд. теңге, Германиядан – 10,6 млрд. теңге.   Ақша жиі аударылатын елдердің көшбасында Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қырғызстан тұр. Олардың арасында, Түркияға Қазақстанға аударылған қаражатқа қарағанда 16,4 есе көп қаржы аударылған. Өзбекстан – 5,9, Қырғызстанға аударылған қаражат көлемі 4,7 есе көп.