Қазақстан қандай елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді?
Қазақстан қандай елдерге гуманитарлық көмек көрсетеді?
Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті
305
оқылды
Ақпан айындағы қаулыға сай, Қостанай қаласында 149 вагонға тиелген бидай ұны Қырғыз Республикасындағы Бішкек-1, Қарабалта, Қарасу-Өзбек, Жалал-Абад станцияларына және Тәжікстандағы Душанбе-2 станциясына аттандырылады. Сөйтіп, 10 мың тонна бидай ұнын көршілес елдерге теміржолмен жеткізу үшін ҚР Үкіметінің 2021 жылға жоспарланған төтенше резервінен 204,5 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл ақпан айында жарияланған қаулыға сай атқарылған іс болатын. [caption id="attachment_160171" align="alignnone" width="1200"] width= Қырғызстан мен Тәжікстанға 10 мың тонна бидай ұнын жеткізу туралы қаулы[/caption] Тамыз айында осыншама жүкті дәл осы екі елге жөнелту туралы тағы бір қаулы шықты. Демек, бұл — жыл соңына дейін төтенше резервімізден 204,5 млн теңге тағы бір ізгілік көмекке жұмсалғалы жатыр деген сөз.  [caption id="attachment_160169" align="alignnone" width="1200"] width= Қырғызстан мен Тәжікстанға 10 мың тонна бидай ұнын жеткізу туралы қаулы[/caption] Сонымен қатар сәуір айында Қырғызстанға күздік бидайдың жоғары өнімді тұқымының 1000 тоннасын сатып алу туралы қаулы шықты. Айыр қалпақты ағайындарға деген ізгілік көмек көрсетуге 144 750 000 теңге бөлінуі тиіс болатын.  Қырғыз Республикасы мен Тәжікстанмен қоса, Өзбекстан мен Ауғанстанға да көмек көрсету дәстүрге айналған-ды. Таяуда ғана жария болған құжаттардың арасында "Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету туралы" қаулы бар. 1900 тонна бидай ұны, 500 тонна макарон өнімдерін, 88 тонна қойылтылған сүт пен 367 тонна күнбағыс майын Ауғанстанға жеткізу үшін төтенше резервімізден тағы 101 549 668 теңге бөлінгелі жатыр.   width= Сондай-ақ қыркүйектің 6-сы күні жарияланған тағы бір қаулы бойынша Өзбекстан Республикасына 600 тонна бидай ұны, 250 тонна қарақұмық жармасы, 92 тонна күнбағыс майы және 19 тонна қойылтылған сүт жөнелтілмек. Сонымен қатар 25,17 тонна құрама жүк Ауғанстандағы Хайратон станциясына жөнелтілмек. Өзбекстан мен Ауғанстанға гуманитарлық көмекті жеткізу үшін төтенше резервімізден тағы 16 194 471 теңге бөлінгелі отыр.   width= Қазақстан көршілес елдерге азық-түлікпен қоса қару-жарақты да гуманитарлық көмек ретінде жібереді. Мәселен, маусым айында Қазақстан 5,45 миллиметрлік оқ-дәрінің 3 миллионын, 23 миллиметрлік патронның 20 мыңын және миномётке арналған 82 миллиметрлік оқ-дәрінің 10 мыңын Тәжікстанға аттандырды. Алайда Отар станциясынан шығатын жүктің Душанбедегі Рохати станциясына жеткенше қанша қаражат жұмсалғаны туралы мәлімет жоқ.  Сондай-ақ Қазақстан Қырғыз Республикасына да қару-жарақпен көмектесті. Наурыз айында екі ел үкіметі өтеусіз әскери-техникалық көмек туралы келісімге қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан қолданыссыз жатқан қару-жарақтың біразын, атап айтқанда, 5,45 мм патронның 6 миллионын, 122 мм реактивті снарядтың 1000 данасын, «Восток-СП» есту-қабылдау бекетінің төртеуін, «Галактика» РПҚ ракета ұшыратын құрылғының алтауын, «Калина 12х80» антенналық коммутаторының біреуін, қызғылт-сары түсті түтінді жерүсті сигналдық патронның 2000 данасын және 26 мм сары түсті отты сигналдық патронның 1000 данасын қырғыз еліне берді. Құжатта көрсетілгендей, қазақстандық тарап әскери мүлікті Қырғыз Республикасының аумағындағы Қой-Таш елді мекеніне автомобиль көлігімен жеткізіп берді.   width= Бұл 2021 жылы көрсетілген я көрсетілетін гуманитарлық көмек болатын. Қазақстан былтыр да көршілес жатқан елдерге ізгілік көмек көрсетті. Мәселен, 2020 жылы сәуір айында Қырғызстанға 800 млн тонна ұн жөнелтілді. Сондай-ақ қараша айында өкпені жасанды желдету аппаратының 400 данасы Бішкекке аттандырылды. Көкшетаудағы зауыттан шығатын құрылғылардың жалпы құны 389 млн теңгеге бағаланған болатын. Бұл зауыт өзі бір айда 500 аппарат шығарады. Демек, бір айда шыққан өнімнің барлығы дерлік экспортталудың орнына, көршілес елге тегін кетті деген сөз. Айтқандай, Көкшетаудан шығатын аппараттың 100 данасы кейін Тәжікстанға жіберілген болатын.   [caption id="attachment_160177" align="alignnone" width="600"] width= © Тәжікстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі[/caption] Қазақстан былтыр пандемияға қарамастан көршілес елдерге көмектесуден аянбады. Шілдеде ҚР Үкіметі Ауғанстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті. Ал Өзбекстанға 600 тонна бидай ұны, 250 тонна қарақұмық жармасы, 100 мың литр өсімдік майы және 50 мың банкі сүт консервісі жеткізілді.  Жалпы алғанда, 2020 жылы Қазақстан көршілес елдерге азық-түлік не гуманитарлық көмек жеткізуге бас-аяғы 3,1 млн доллар жұмсаған екен. Бұл — тек тауарға жұмсалған қаражаттың сомасы. Ал оны көршілес елдерге жеткізу үшін ҚР Үкіметінің төтенше резервінен тағы ақша бөлінеді және оның сомасы әдетте тауарға бөлінген ақшадан көп болады.