Мемлекет басшысы Ауғанстан қазақтарын қайтару мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді
Мемлекет басшысы Ауғанстан қазақтарын қайтару мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді
©nur.kz
136
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты қабылданған шешімдер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.  Бұл туралы ол Ақорда резиденциясында он мемлекеттің жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде мәлімдеді.

"Ауғанстандағы шиеленіскен мәселелерді реттеу үшін Қазақстан шетелдік серіктестерімен тізе қосып жұмыс істеп келеді. Біз, ең алдымен, сол жердегі отандастарымызды ұйымдасқан түрде эвакуациялауды қамтамасыз еттік. Енді біз Ауғанстандағы қазақ диаспорасының мүшелерін, яғни қандастарымызды елге қайтару мәселесін қарастырып жатырмыз. Гуманитарлық ұстанымдарға сәйкес, ауғанстандық 57 студенттің білім беру визаларын ұзарттық.
Сонымен қатар бортында шетел азаматтары бар ұшақтарға жанармай құю үшін транзиттік әуе дәліздері мен қону алаңдарын ұсындық. БҰҰ-ның Ауғанстан жөніндегі агенттіктерінің қашықтағы уақытша кеңсесі Алматы қаласына орналастырылды", - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент еліміздің COVID-19 пандемиясымен күрес кезінде халықаралық серіктестерімен ынтымақтастығын атап өтті.