«Үлкен арманымыз орындалды»: үйіне газ кірген тұрғындар қуанышқа бөленді
«Үлкен арманымыз орындалды»: үйіне газ кірген тұрғындар қуанышқа бөленді
185
оқылды
Ырғыз ауданы газдандыру жағынан проблемалық аудандардың бірі болып саналады. Бұған дейін газ тек екі ауылда ғана болған. Бүгін Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес тағы үш ауыл газдандырылды. Аталған бағыт бойынша  жұмыстар жалғасып жатыр. Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс және Шеңбертал ауылдарының 2 200-ден аса тұрғынына газ кіргізілді. Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Өңір басшысы ауылдардағы бірнеше үйге кіріп, көгілдір отынның жеткеніне көз жеткізді.  width= «Газ бағасының арзандығымен қоса, қаншама тұрмыстық проблемадан арыламыз! Қуанышымызда шек жоқ. Үлкен арманымыз орындалды. Сол үшін Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс айтамыз», – деді ризашылығын білдірген Ақши ауылының тұрғындары.