Ырғыз ауданы газдандыру жағынан проблемалық аудандардың бірі болып саналады. Бұған дейін газ тек екі ауылда ғана болған.
Бүгін Мемлекет басшысының ауылдық аймақтарды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес тағы үш ауыл газдандырылды. Аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс және Шеңбертал ауылдарының 2 200-ден аса тұрғынына газ кіргізілді. Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтады. Өңір басшысы ауылдардағы бірнеше үйге кіріп, көгілдір отынның жеткеніне көз жеткізді.