«Қуаңшылық»: Арал ауданы тұрғындарына көмек көрсетілді
«Қуаңшылық»: Арал ауданы тұрғындарына көмек көрсетілді
310
оқылды
Арал ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Аудан тұрғындары дабыл қағып, мал жайылымының болмауына байланысты ірі-қара, уақ малдар аштан қырылғанын айтқан еді.  Бұл мәселе бойынша республика көлемінде қаржы қарастырылды. Осы орайда, белгілі меценат «Болат Өтемұратов» қайырымдылық қоғамдық қорынан «Аралым – айдын шалқарым» қоғамдық қорына 213 млн. теңге аударды. Аталған қордан бөлінген қаржыға аудан бойынша 900 тонна жем, 2 трактор (тіркемесі, соқасы, престеуші аппаратымен), 1 су тасушы КамАЗ автокөлігі алынды. Сонымен қатар Аспай су каналын жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1 су ұңғымасы қазылды және 2 су айдағыш гидронасос алынды. Қазір қор қаржысына Арал ауданындағы 5 197 отбасына 898 тонна бидай жемі таратылды. Бұдан бөлек, қайырымдылық ретінде Арал қаласы бойынша 129 отбасына жалпы 2 580 бума шөп таратылды.  width=