УЕФА 2022 жылғы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуіндегі Қазақстан құрамасын бағалады, – деп жазады Vesti.kz.
"Қосымша уақытта гол соғу – бұл енді Қазақстан құрамасының жаңа қаруына айналды. Бұл жолы Бахтиер Зайнутдинов қарсыласты қапыда қалдырды. Бұл ЦСКА футболшысы үшін де жақсы болды. Ол жарақатынан айығып, ұлттық құрамаға көмектесті. Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы – мықты әрі қауіпті ұжымдардың біріне айналды. Әсіресе ойынның соңында. Бұрында Қазақстан үшін соңғы минуттар көп қиындық тудыратын. Ал енді қазақстандықтардың өзі матчтың тағдырын соңғы минуттарда шешіп жүр", – деп жазады УЕФА тілшісі Антон Лысяк.https://twitter.com/EURO2020/status/1435362534844948493?s=20