9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: twitter.com
187
оқылды

Тек батыс өңірде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өзге аймақтарда дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-батыс пен орталықта тұман, шығыстағы таулы аудандарда бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі, түнде шығысында, күндіз солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел тұрады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстік-шығысында және тау бөктері аудандарында найзағай ойнап, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Күндіз Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының орталығында, түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік, солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Қарағанды, Ақмола облыстарының батысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өрт қаупі сақталады.