Жеке тұлғалар мүлік салығын Қазақстан аумағындағы өздерінің меншігіндегі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, жер учаскелері үшін төлейді.
Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың мүлкіне бірыңғай салыққа біріктірілді. Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді. Қазіргі уақытта салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары есептеген салық сомасы (мүлік салығы) туралы хабарламаларды тапсыруды «Қазпошта» арқылы жүргізеді.Сонымен қатар салықты kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінде, е-Salyq Azamat мобильді қосымшасын, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.