Полицейлер 2 миллион теңге қарыз алып, қашып кеткен семейлік тұрғынды астанадан тапты
Полицейлер 2 миллион теңге қарыз алып, қашып кеткен семейлік тұрғынды астанадан тапты
Фото: kaz.nur.kz

Семей қалалық ПБ Көші-қон қызметіне жүгінген жеке сот орындаушысы 38 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 2 000 000 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы қаулы шығарды.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев: «Борышкер ақшаны қолхатпен алған. Бірақ бес ай бойы қарызды қайтармаған. Жәбірленуші сот орындаушыларына жүгінгенімен борышкерді таба алмаған. Өйткені ол тіркелген мекенжайында тұрмаған. Сондықтан ер адамға іздеу жарияланды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары борышкердің Нұр-Сұлтан қаласына кетіп қалғанын анықтаған. Тиісті ақпарат қарызды өндіру үшін сот орындаушысына берілді», – деді.

Бұған дейін сот орындаушылардың құзыреті күшейгенін жазған болатынбыз.