«Үйіңе ұшақпен барасың» – Қытай азаматтарын алдап кеткен алматылық келіншек ұсталды

Қытай, карантин, Алматы, ұшақ
Фото: yandex.kz

20-дан астам адам полицияға 40 жастағы әйелдің заңсыз әрекетіне қатысты арызданған.

Биыл ақпан мен сәуір аралығында ол туристік фирма атынан ҚХР азаматтарының сеніміне кіріп, Қытайға ұшақпен қайтуға болатынына сендірген.

Сол «қызметі» үшін әр адамнан 650 мыңнан 950 мың теңгеге қаржы сұраған. Бірақ әйел уәдесінде тұрмаған.

Алматы қаласы ПД Бостандық аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаевтың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.