Көпірді жөндеуге шәйнекті пайдаланған жұмысшылардың видеосы жарияланды
Көпірді жөндеуге шәйнекті пайдаланған жұмысшылардың видеосы жарияланды
Фото: azh.kz
153
оқылды

Олар шәйнекпен жарылған асфальтке қара түсті сұйықтық құйып жатыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Дереккөздің жазуынша, 13 тамыздан бастап Атырауда Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылды. Бұл – көптен бері жөндеуді «күткен» көпір. Бірақ қазіргі бейнежазбадан кейін көпшілік жөнделіп жатқан жолдың сапасына қатысты күмән келтіре бастады.

«Жөндеуді осылай жасайды. Супер!» – деп мысқылдайды бейнежазба авторы. Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында «Бұл шәйнек қанша миллион тұрады?», «Оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба?» деген сұрақтар кездеседі.

Бұл жайтқа қатысты «Ақ Жайыққа» қала әкімдігінен әлі жауап келмеген. Жөнделген жолмен тәулігіне 7 мыңға жуық көлік қатынайды.   https://youtu.be/KScaf9cM16k