Олар шәйнекпен жарылған асфальтке қара түсті сұйықтық құйып жатыр. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.
Дереккөздің жазуынша, 13 тамыздан бастап Атырауда Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылды. Бұл – көптен бері жөндеуді «күткен» көпір. Бірақ қазіргі бейнежазбадан кейін көпшілік жөнделіп жатқан жолдың сапасына қатысты күмән келтіре бастады.Бұл жайтқа қатысты «Ақ Жайыққа» қала әкімдігінен әлі жауап келмеген. Жөнделген жолмен тәулігіне 7 мыңға жуық көлік қатынайды. https://youtu.be/KScaf9cM16k«Жөндеуді осылай жасайды. Супер!» – деп мысқылдайды бейнежазба авторы. Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында «Бұл шәйнек қанша миллион тұрады?», «Оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба?» деген сұрақтар кездеседі.