Nur Otan-да «Екінші Павлодар» тұрғындарының шағымы ескерілді
Nur Otan-да «Екінші Павлодар» тұрғындарының шағымы ескерілді

Облыс орталығындағы жеке үйлерді жыл сайынғы еріген қар және жерасты сулары басып қалу мәселесін шешу үшін жергілікті билік «Екінші Павлодар» шағын ауданында сорғы станциялары бар кәріз желілерінің құрылысын жүргізуде. Бұл азаматтардың Nur Otan партиясына өтінішінен кейін жүзеге асуда.

Нәтижесінде бүгінде құрылыстың 3 кезеңінің 2-і аяқталды, үйлерді ішінара қосу жұмыстары жүргізілуде. Ықшамауданның 17 көшесін қамту жоспарлап отырған кәріз желілерінің жобалық ұзындығы шамамен – 10 км. Сондай-ақ нұротандықтар атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары және шағын ауданның тұрғындары құрамына кірген жедел штаб құру туралы шешім қабылдады. Бүгінде 8 отырыс өткізілді.    width= Жақында тұрғындар Nur Otan партиясына бірқатар нысандарда сапасыз жұмыстар жүргізілгені туралы шағыммен қайта хабарласты. Олардың айтуынша, негізгі құбыр өтетін көшеге құдықтарымен бірге асфальт төселіп тасталған.

«Мамандар магистралды кәріз желілерін тексерді. Бірнеше жерде кәріз құбырлары бір-біріне жалғанбаған, сондай-ақ, тұтас құбырдың орнына көлбеуі сәйкес келмейтін бірнеше қысқа құбырлар орнатылған. Экономикалық тергеу департаментіне «DIKE» ЖШС мердігерлік ұйымына қатысты арыз жолданды. Жалпы, бұл мәселені шешу партия филиалының ерекше бақылауында болады», – деді партияның Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Мәлікова.

 
 width= Сонымен қатар партия мүшелері 19 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға көмек көрсетті. Су басу салдарын жою үшін олардың әрқайсысына 10 қап цемент, 5 тонна құм және 5 тонна қиыршық тас берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Екінші Павлодар» шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке үйлерді жыл сайынғы еріген және жерасты суларымен су басу мәселесін шешуді партиялық бақылауға алуды тапсырған болатын.