«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Фото: yandex.kz
301
оқылды

8 қыркүйекте Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.

Комиссия шешімімен 196 үміткер магистратура, докторантура, резиндентура бойынша және әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Стипендиаттар әлемнің 16 елінде білім алады. Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия берілді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламаларына бөлінген. Қосымша 500 стипендия тағылымдаманың «Ғалымдар» жаңа санаты бойынша берілді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 4 мамырда басталды, 28 қазанға дейін жалғасады. Стипендиаттар тізімін Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтынан оқи аласыз.