Жандарбек Бекшин бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупі барын ескертті
Жандарбек Бекшин бір уақытта тұмау мен коронавирусты жұқтыру қаупі барын ескертті
©azattyq-ruhy
343
оқылды

Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарына аралас инфекция қаупі туралы ескертті.

"Аралас инфекция, яғни тұмау және коронавирус жұқтыру кез келген адамға, әсіресе созылмалы аурулары бар 65 жастан асқан адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан алдын ала вакцинаны салдырып алған дұрыс", - деді Жандарбек Бекшин.

Бірақ екі вакцина арасындағы аралықты сақтау керек. Оның айтуынша, егер адам коронавирусқа қарсы екпе алған болса, екі апта аралықты сақтау қажет. Кейін екінші вакцинаны алуға болады. Ал егер сіз алдымен тұмауға қарсы вакцинаны салдырсаңыз, онда 2-4 аптадан кейін коронавирусқа қарсы вакцинаны ала аласыз.