Ақтөбе қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының мүшесі Ардақ Өтегенов Қарғалы өзенінің Сарбаз ауылы, бау-бақша ұжымы мен «Қарғалы» тұрғындар массивін жалғайтын тұсына жаяу жүргіншілер үшін аспалы көпір салып берді. Бұл оның ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласына жасаған сыйы.
Депутат қауіпсіз, сапалы, барлық талаптарға сай кәсіби көпір тростарына тапсырыс берген. Онда екі жағынан тереңдігі 4 метр шұңқырлар қазылып, монолитті бетон құйылды. 80 метрлік қауіпсіз көпір бір айдың ішінде дайын болды.«Қаланың іргелес аудандарын аралап жүріп, осы ауылдар мен бау-бақша ұжымдарының тұрғындары өзеннің арғы бетіне өту үшін қандай қиындық шегіп жүргенін көрдім. Қарт кісілердің осынау қолдан жасалған көпірден қиналып өтіп жатқанының куәсі болдым», – дейді депутат.