Қарағандыда жоғалып кеткен 6 баланың әкесі іздестіріліп жатыр
Қарағандыда жоғалып кеткен 6 баланың әкесі іздестіріліп жатыр
©nur.kz
120
оқылды

Оны іздеуге квадрокоптер мен тікұшақ жұмылдырылды. Доскей ауылының 39 жастағы тұрғыны Өмірсерік Әлімқұлов 3 қыркүйекте жоғалып кеткен. Таңертең ер адам Mercedes-Benz көлігімен вахтадағы жұмысына шығып, содан бері хабар-ошарсыз.

Туыстарының сөзінше, ол аймақтағы көмір шахталарының бірінде жұмыс істейді.

"Бейнебақылау камералары таңертеңгі сағат сегізде ол Қарағандыдан шыққанын көрсетті. Ол телефонды соңғы рет  Қаражал қаласынан соққан. Ол достарына хабарласып, жақын арада оларға жеке шаруамен баратынын айтқан. Содан бері телефоны сөндірулі. Оның үйде әйелі мен алты баласы бар. Отбасында ешқандай жанжал туындамаған", - дейді ер адамның жақындары.

Туыстары 3 қыркүйекте түнде полицияға арыз жазған. Алайда іздеу жұмыстары нәтиже бермей жатыр. "Өмірсерік – сабырлы адам, ол бұрын-соңды жоғалып кетпеген. Оны жанұясы жақсы көреді және тағатсыздана күтеді", – деді ер адамның туыстары. Қарағанды ​​облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жоғалған адамды іздестіруге төрт қызметкер, бір техника мен арнайы иттер тартылғанын жеткізді. "Иридиум спутниктік терминалы да іздеу жұмыстарына кірісті. Одан бөлек, полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Олар төрт техниканы тартты", – деп толықтырды департамент. Хабар-ошарсыз кеткен ер адамның қайда екенін білетіндер төменде көрсетілген нөмірге хабарласаңыздар: 87053517350, 87786147017, 87788860762 немесе 102.