Атырауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 9 қыркүйекте болған.
«Бүгін сағат 07:50 шамасында «Атырау – Орал» бағытындағы күре жолдың 57-шақырымында Тoyota Prada мен Skoda Rapid көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оқиға орнында «Skoda Rapid» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қазір аталған жол апатына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.