Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин толық ақталып шығуы да мүмкін немесе спорттық карьерасын аяқтауы ықтимал. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстан ұлттық антидопинг орталығының жетекшісі Майра Бакашева айтты. - Валиуллин қандай жазаға тартылуы мүмкін? - Өкінішке қарай, мен қазір бұл спортшыдан қандай дәрумен табылғанын білмеймін. Жаза мерзімі де дәруменге байланысты шығарылады. Негізі, орташа жаза - төрт жыл. Мысалы, Бауыржан Исламханның мәселесі ерекше болды. Ол қосымша күш беретін дәрумен қолданды деп айыпталды. Бізде қолдануға рұқсат етілмеген дәрумендердің тізімі бар. Алайда ол дәрумендердің өзі бірнеше топқа бөлінеді. Егер спортшы бұл жағдайда өзінің кінәлі емес екенін дәлелдесе, өзінің бей-жай қарамайтынын дәлелдесе - санкциядан аман қалатын шығар. Одан бөлек, футболшының кінәсі кішкентай болса, жаза мерзімі де қысқартылады. Көп нәрсе допинг қызметкерлері алған мәліметтерге байланысты. Мүмкін бұл спортшыда мұндай дәруменді қолдануға дәрігерден рұқсат бар шығар. Немесе ол кінәлі емес болуы ғажап емес. Енді барлығы қорғаушыларға (адвокатқа) тікелей байланысты болады. Кері жағдайда ол өмір бойына спорттан шеттетіледі.