Сенат жұмысының жоспарын таныстырды
Сенат жұмысының жоспарын таныстырды

Мемлекет басшысы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл тура­лы Ақорданың баспасөз қызметі ха­барлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Сена­ты­ның VII сессиясы барысында атқарылатын жұмыс жос­­­пары туралы баяндалды. Сондай-ақ Пре­зи­дент­тің Жолдауы мен берген тапсырмаларын іске асыру­ға бағытталған бірқатар заң топтамасының әзірленіп жат­қаны жөнінде мәлімет берілді. Парламент Сенатының Төрағасы алдағы сес­сия­да сенаторлардың Үкіметпен және Мәжіліс де­пу­таттарымен бірлесіп, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квотаның сақталуына қатысты заң­нама бойынша жұмыс істейтінін айтты. Сонымен қа­тар «Әлеуметтік кодекс», «Өнеркәсіп саясаты тура­лы», «Кәсіби біліктілік туралы», «Жеке қосалқы шаруа­шылықтар туралы» және басқа да заңдарды қа­былдау міндеті тұр. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, сенаторлардың бас­тамасымен Президент тапсырмаларын іске асыруға бағытталған бірқатар заң жобасы әзір­лен­ген. Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру ая­сында қабылданатын заң жобаларын талқылау және пы­сықтау жұмыстарына азаматтық қоғам өкілдері мен сарапшыларды кеңінен жұмылдыру қажетін айтты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2022 жылы өте­тін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары­ның VII съезіне дайындықты бастау туралы тап­­сырма берді.