Коронавирусқа шалдыққандар қайта көбейе бастады
Коронавирусқа шалдыққандар қайта көбейе бастады

Қазақстанда соңғы тәулікте 4 106 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, вирус жұқтырғандар саны қайтадан өсті. 6 қыркүйек күні олардың саны тәулігіне 3 583 адам болған еді.

Жалпы, індетке шалдығу көр­сеткіші қыркүйектің басында түсе бастаған болатын. 3 қыркүйекте 4 830 адамнан індет анықталса, бір күн өткенде олардың саны 4 568-ге түскен. Алайда 7 қыркүйектен бері қайта өсті. Індет жұқтырушылар саны Алматы қаласы мен Қара­ған­ды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында әлі де азаймай тұр. Ал Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау комитеті тө­рағасының орынбасары Зәуре Ахметова оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар саны 426-ға жеткенін айтты. Ел бойынша коронавирусқа байланысты түрлі мектептегі 241 сынып карантинге жабылыпты.

А.СҰЛТАН