Полиция департаментінің мәліметінше, биыл 6 қыркүйек күні Ақмола облысы Аршалы аудандық полиция бөліміне Ақкөл қаласының тұрғыны 31 жастағы әйел 60 жастағы енесін іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, енесі қыркүйектің 6-да сағат 14:00 шамасында Аршалы аудандық ауруханасынан шыққан.
Оның айтуынша, әйел ауруханадан 6-қыркүйекте шығарылуы тиіс еді. Бірақ Аршалы кентіне келген туыстары оны ауруханадан таппады. 60 жастағы әйел өзін алып кетуге «ұлы келді» деп ауруханадан шығып кеткен.«Бұл факті бойынша «Адамның жоғалып кетуі» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында жоғалған келіні мен оның ұлынан жауап алынды. Ол анасының Шортанды ауданының Жолымбет ауылында інісімен бірге тұратынын түсіндірді. Биыл 18 тамызда ол ауырып, Аршалы аудандық ауруханасына жіберілді. Әйел комаға түсті. Осы жылдың 25 тамызында өзіне келген әйел туыстарымен байланысқа шығып, олармен телефон арқылы сөйлесті. Биыл 3 қыркүйектен бастап әйелдің ұялы телефоны өшірілген», – деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.
Туыстары әйелді таппаған соң полициядан көмек сұраған. Іздестіру нәтижесінде, 9 қыркүйекте вокзал маңындағы орман алқабынан жоғалған әйелдің денесі табылды.