Ералы Тоғжанов әскери қоймалардағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданының тұрғындарына көмек көрсету және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы primeminister.kz жазды.
Вице-премьер инспекция барысында кентті қалпына келтіру толық қарқынмен жүргізіліп жатқанына көз жеткізді. Бұл шараларға 185 адам мен 23 арнайы техника жұмылдырылған. Қазірдің өзінде 62 жеке құрылыстың жөндеу жұмыстары аяқталды. [caption id="attachment_160481" align="aligncenter" > Фото: primeminister.kz[/caption]Таразда Е. Тоғжанов Super Pharm ЖШС-де болды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде фармацевтикалық өнім шығару көлемі артып келе жатқанын атап өтті. Мұнда тәулігіне 60 мың медициналық маска, жылына 15 млн. медициналық бұйым шығарылады. Өңірдегі ірі жобалардың бірі – «Амир және Д» ЖШС фармацевтикалық бағыттағы өндірістік кешені. Зауытта жылына 15 млн. экспресс-тест, оның ішінде коронавирус, А, В, С гепатиттерін анықтауға арналғаны бар, 1,5 млн. бақылау ерітіндісі және басқа да медициналық мақсаттағы өнімдер шығарылатын болады. Вице-премьер, сондай-ақ, «Сәуле» ЖШС кондитерлік фабрикасына барды және облыстық онкологиялық диспансердің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі уақытта онкоорталықтың ішкі әрлеу жұмыстары 90%-ға, сыртқы әрлеу жұмыстары 95%-ға аяқталды. Диспансер әлемдік стандарттарға сәйкес келетін технологиялық жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Е. Тоғжанов жеке инвестициялар есебінен салынған «Arai–Elite» гимназиясында болды. Мектепте 1 400 бала тегін білім алады. Оқушылар математика мен ағылшын тілін тереңдетіп оқиды.Жібек жолы ауылында 150 орындық жаңа мектеп салу жұмыстары басталды. Сондай-ақ Үшбұлақ және Базарбай ауылдарындағы мектептер демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді.
«Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенін аралау барысында вице-премьер Тараздың сәулеті түбегейлі өзгеріске ұшырағанын атап өтті. Кешен аумағында біркелкі стильде бірнеше нысан салынған, атап айтсақ: ашық аспан астындағы амфитеатр, көркемсурет галереясы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы, шеберлер мен қолөнершілер галереясы, туризм орталығы, көрме павильоны.