Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. Президент, Премьер-министр, Мұнай және газ министрлігінің алғысхаты мен «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. 1995-1997 жж. – «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК, бас директордың орынбасары, экономист. 1997 ж. – Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспектор. 1997-1998 жж. – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженер. 1998-2006 жж. – «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жж. – Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған. 2015-2020 жж. – «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары. 2020 жылдың 5 наурызынан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды.«Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Жарлықта.