Polisia.kz-тің дерегінше, Қарағандыда екі күзетші гаражды тонаған.
35 жастағы қала тұрғыны полицияға арызданған. Белгісіз біреу гаражға кіріп, Mercedes Benz автокөлігінің қозғалтқышы, дөңгелегі, алюминий сымның орамын, мыс кабельдер пакетін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион 250 мың теңге болды. Полиция оқиға орнында орнатылған бейнебақылау камерасын мұқият тексеріп, ұрыларды ұстады. Олар гараждың кіреберіс есігінің құлпын бұзып кірген. Видеоға екі ұрының гараждағы заттарды шығарып, көлікке тиегені түсіп қалған.20 және 26 жастағы екі күдіктінің базарда күзетші болып істейтіні анықталды. Полиция айғақ заттарды тәркіледі. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.