Бір ауданның өзінде 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар
Бір ауданның өзінде 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар
©baq.kz
314
оқылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында 15 957 көпбалалы ана бар. Олардың ішінде 18 жасқа толмаған төрт және одан көп баласы бар ана 7 869 болса, батыр ананың саны - 369.  «Алтын алқа» иегерлері – 1 682, «Күміс алқа» иегерлері – 5 288, 1-2-дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталғандар – 749.

Соның ішінде Жетісай ауданына қарасты Жылы Су ауылдық округіндегі Сүттібаевтар отбасы көпке үлгі. Шаңырақтың ұйытқысы болып отырған Зәуре апа 13 құрсақ көтерген. Келіндері мен қыздары да ана жолын жалғастырып, 7-8 перзентті болған.
[caption id="attachment_160543" align="alignnone" width="1000"]көпбалалы ©baq.kz[/caption]
"Біздің кезде заман қиындау болды. Ол кездің аналарға қазіргідей жағдай жасалған жоқ. Перзенттерімнің жартысын өзім жаяу барып босансам, бір-екеуін үйде босандым. Жұбайым бір үйдің жалғыз баласы болды. Бар ойым күйеуімнің ұрпағын көбейту болды. Ешқандай баламды алдын-ала жоспарламадым. Құдайдың берген перзентін өмірге әкелдім. Осы күніме шүкір деймін. Адам ұрпағымен мың жасайды. Алла осы ұрпағымды аман етсін, - дейді Зәуре Сейдімбекқызы.
Қазір Зәуре апамыз ұл-қыздарынан 75 немере, 26 шөбере мен 6 шөпшек сүйіп отыр.