Футболшы сүйіктісін ұрып-соққаны үшін бес жылға соттала жаздады
Футболшы сүйіктісін ұрып-соққаны үшін бес жылға соттала жаздады
©24.kz
303
оқылды

«Лионның» германиялық қорғаушысы Жером Боатенг отбасылық зорлық-зомбылық ісі бойынша айыпты деп танылды.

Германия прокуратурасы футболшыны соққы кезінде жарақат салды деп айыптады. 2018 жылы футболшы Кариб аралдарында демалып жүргенде сүйіктісімен ұрысып қалады. Сол жерде оған тап беріп, ұрып-соғып тастайды.
Сол кезде айыптаушы Боатенгті бес жылға түрмеге жабуды сұраған.

Vesti.kz-тің мәліметінше, енді ол бұрынғы сүйіктісіне моральдық өтемақы ретінде 1,8 миллион еуро айыппұл төлеуі тиіс. Бұл сома екі ай бойына біртіндеп күнделікті төленеді.