Қазақстан Ауғанстан үкіметімен байланыс орнатуға дайын
Қазақстан Ауғанстан үкіметімен байланыс орнатуға дайын
©nur.kz

Қазақстан Ауғанстан үкіметімен сауда және гуманитарлық салаларда байланыс орнатуға дайын. Өйткені бұл бағытта екі ел арасында тығыз қарым-қатынас бар.

Қазақстан Республикасының Президенті елімізге ресми сапармен келген Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османиді қабылдап, бірқатар өзекті мәселе төңірегінде пікір алмасты.
 - Ауғанстанға қатысты ұстанымымыз айқын. Халықаралық қоғамдастықтың осындай бетбұрыстары кезінде Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, аталған елге көмек беріп, қолдау көрсетуі қажет деп есептейміз. Біз Ауғанстанның уақытша жаңа үкіметін инклюзивті, барлық этникалық топтар мен қоғамдық-саяси күштердің мүддесін құрметтейді деп үміттенеміз. Қазіргі Ауғанстан үкіметі адам құқықтарын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындап, халықаралық қауымдастықты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін терроризмнің, заңсыз есірткі айналымының таралуынан және басқа да қиындықтардан қорғау үшін нақты шаралар қабылдайтынына үміт артамыз.
Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі Ауғанстан үкіметімен конструктивті іскерлік байланыстарды, әсіресе сауда және гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы қатынастарды орнатуға дайын. Өйткені бұл салалар бойынша екі ел арасында дәстүрлі тығыз байланыс бар, - деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.