Алматыда ер адам туған қызын зорлаған
Алматыда ер адам туған қызын зорлаған

Алматыда болған осы жағдайдан кейін бүтін отбасының өмірі тозаққа айналған. Қызын зорлаған әке түрмеге түссе, әйелі үш баласымен далада қалған. Әйелдің айтуынша, сол кезде  туысқандары олардан теріс айналған.

Астана телеарнасының мәліметінше, үш баланы жалғыз өсіріп отырған 37 жастағы әйел аты-жөнін атаудан бас тартқан.

-  Ол кезде  екінші қызым 12 жаста еді. Осы бөлмеде қызымды өзінің туған әкесі зорлады. Оны сабақтан оралған үлкен қызым көріп қалған. Бірден маған қоңырау шалды. Жұмысымды тастай салып, үйге жеттім. Оны полиция бірден алып кетті. Ол мас болатын, -  дейді ана.

Сот қызын зорлаған әкені 15 жылға соттаған. "Жығылғанға жұдырық" демекші, осындайда банктен қоңырау шалу да жиілеген. Олар жалғызбасты әйелден сотталып кеткен күйеуінің несиесін төлеуді талап еткен.

"Күйеуім достарыммен бірігіп бизнес ашамыз деп несие алған болуы керек. Бірақ кейін оның есірткіге бойалдырғанын білдім. Оның үстіне арақты да көп ішетінді шығарған",- дейді келіншек.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=lKk6iJwxqy4&t=67s[/embed]