Қазақстанда 30 жылда қандай терактілер болды?
Қазақстанда 30 жылда қандай терактілер болды?
1,052
оқылды
Тәуелсіздік жылдарында алғашқы лаңкестік оқиға 1992 жылдың ақпанында Шымкентте тіркелді. Ташкенттен Самараға пойызбен жеткізілуі тиіс 6 қылмыскер Қызылорда —Сарыағаш бағытында қатынайтын автобусты басып алды. Бір тәулікке созылған «Набат» операциясының арқасында автобустағы 30 жолаушы түгел құтқарылды. Олардың арасында қариялар, қыз-келіншектер, тіпті балалар болған еді.  [caption id="attachment_160601" align="alignnone" width="1200"] width= Қазақстан тарихындағы алғашқы теракт. Шымкент, 23.02.1992. © ҚР ҰҚК[/caption] Негізі 90-шы және 2000-шы жылдары сырттан келген радикалды топ өкілдері Қазақстанда үгіт-насихат жүргізумен айналысып келді. Солардың бірі «Шығыс Түркістан» қозғалысының экстремистері болатын. Лаңкестерді ұстау операциясы 2000 жылдың қыркүйегінде Алматыдағы Республика алаңы маңындағы көпқабатты үйлердің бірінде өтті. Нәтижесінде 4 содырдың көзі жойылды. Олар тұтқында ұстаған бір әйел мен екі бала құтқарылды. Арнайы операцияға қатысқан бірнеше сарбаз жараланды.  [caption id="attachment_160602" align="alignnone" width="1200"] width= Рақымжан Мақатов Ақтөбе қаласындағы ҰҚК департаментінде өзін-өзі жарды[/caption] 2011 жылдың мамырында Ақтөбеде алғаш рет лаңкес өзін-өзі жарды. 25 жастағы Рақымжан Мақатов ҰҚК департаментінде қолдан жасалған бомбаны іске қосты. Мақатов оқиға орнында қаза тапты, тағы 3 адам жараланды.  2011 жылдың шілдесінде Ақтөбе облысы Шұбаршы ауылында радикалды топ өкілдері полицияға шабуыл жасады. Бірнеше күнге созылған операцияда 9 содырдың көзі жойылып, 2 полицей мен арнайы жасақтың 1 сарбазы қайтыс болды.  [caption id="attachment_160603" align="alignnone" width="1023"] width= Кеңқияқ ауылының полиция бөлімі. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылы. 2011 жылдың 1 шілдесі.[/caption] 2011 жылдың 31 қазанында Атырауда екі жарылыс тіркелді. Алдымен тұрғын үйдің маңында қоқыс жәшігі жарылса, бірнеше минуттан кейін жанкешті өзін-өзі жарды. «Халифат сарбаздары» тобы терактілерді ұйымдастырғанын мойындады.  [caption id="attachment_160604" align="aligncenter" width="740"] width= Тараздағы теракт © tengrinews[/caption] 2011 жылдың қарашасында Таразда Мақсат Қариев есімді лаңкес жалғыз өзі жеті адамды мерт қылды. Олардың бесеуі полиция мен ҰҚК сарбаздары болатын.  2011 жылдың қарашасында Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде автокөлікті тоқтатпақ болған екі полицейді лаңкестер атып өлтірді. Желтоқсан айында Боралдайда арнайы операция ұйымдастырылып, 5 содырдың көзі жойылды. «Арыстанның» 2 сарбазы қаза тапты.  [caption id="attachment_160609" align="aligncenter" width="653"] width= Боралдайдағы террористерді жою операциясынан кейін қалған оқтардың ізі. Фото ©Владимир Прокопенко[/caption] 2012 жылдың 11 шілдесінде Алматы облысы Таусамалы кентінде жер үй жарылды. Оқыс оқиғадан 4 әйел мен 5 бала көз жұмды. Кейін олардың лаңкестерге қатысы бар екені анықталды.  30 шілдеде Алматыда полицейлерге шабуыл жасауы мүмкін деген күдіктілерді ұстау операциясы ұйымдастырылды. Бірақ олар тәртіп сақшыларына оңайлықпен берілген жоқ. «Ақкент» тұрғын үй кешенінде болған операциядан алты күдікті қаза тапты.  [caption id="attachment_160612" align="aligncenter" width="657"] width= Алматыдағы күдіктілерді ұстау операциясы өткен «Ақкент» тұрғын үй кешені. Фото ©Владимир Прокопенко[/caption] 2012 жылдың тамызында Іле-Алатау ұлттық паркінде 12 адамның мүрдесі табылды. Кейінірек ауыр қылмысты діни экстремистер жасағаны хабарланды.  2012 жылдың 5 қыркүйегінде Атырауда жарылыс болды. 21 жастағы Нұрлыбек Сақауов есімді жігіт көз жұмды.  [caption id="attachment_160614" align="aligncenter" width="600"] width= Қолдан жасалған бомба жарылып, Нұрлыбек Сақауов қаза болған жер. Фото ©Қанат Елеуов[/caption] Қыркүйектің 15-інде Атырау қаласы ІІБ-де теракт тіркелді. 2 полиция қызметкері жараланды.  2016 жылы көктемде Қарағанды облысында лаңкестік топ өкілдерін ұстау операциясы кезінде жарылыс болды. Радикалды топ Балқаштағы құқық қорғау органдарына шабуыл жасамақ болған. [caption id="attachment_160615" align="aligncenter" width="710"] width= Ақтөбе қаласындағы теракт. 2016 жылдың 5 маусымы[/caption] Қазақстандағы ең ірі теракт Ақтөбе қаласында тіркелді. 2016 жылдың 5 маусымында содырлар қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасады. Лаңкестік оқиға мен арнайы операцияда 26 адам қаза тапты. Олардың 5-і — қала тұрғыны, 3-і — әскерилер, 18-і — қылмыскерлер.  [caption id="attachment_160617" align="aligncenter" width="700"] width= Руслан Күлекбаев жасаған Алматы қаласындағы теракт. Фото ©tengrinews[/caption] Араға бір ай салып, Алматыда тағы бір теракт болды. Руслан Күлекбаев есімді террорист 10 адамды мерт қылды.