Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді
©liter.kz
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева 27 тамыздағы қаулыға өзгеріс енгізді. Жаңа құжатта елордадағы карантинді жеңілдету туралы айтылады. Қаулы бойынша алдағы жексенбіден бастап қоғамдық көліктің демалыс күндерінде де қатынауына рұқсат берілді.
«12 қыркүйектен бастап жексенбі күндері қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар қаулыда мешіт, шіркеу, собор, синагога сияқты діни бірлестік объектілерінің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат берілетіні айтылған.
«Мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебімен әлеуметтік қашықтық сақталмаса, «жұма намаз», күнделікті православиелік дұға сияқты ұжымдық діни шараларды өткізуге тыйым салынады. Діни бірлестіктер объектілерінің жанында орналасқан Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілерінде 30-дан аспайтын адаммен еске алуды өткізуге рұқсат етілсін», - деп жазылған құжатта.