Ауғанстан мәселесіне назар аударды
Ауғанстан мәселесіне назар аударды
245
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  еліміз­ге ресми сапармен келген Солтүстік Ма­ке­до­нияның Сыртқы істер министрі Буяр Ос­ма­ниді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың бас­пасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Буяр Османиге ілтипат біл­діре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан оның бұл сапарының маңы­зы зор екенін атап өтті. – Біздің елдеріміз өзара іс-қимылдарды, атап айт­­қанда сауда, инвестиция салаларындағы қа­ты­нас­тарды және гуманитарлық байланыстарды ны­ғайту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Сондықтан мем­лекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты да­мыту үшін бар әлеуетті пайдалану керек. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясында да тығыз ық­пал­дас­тық орнатамыз деген үміттеміз, – деді Қазақстан Президенті. Қасым-Жомарт Тоқаев Тетово қаласындағы ко­ронавируспен ауырған науқастар емделетін ауру­хана­да болған өрт салдарынан қаза тапқан адам­дар­дың отбасыларына көңіл айтты. Кездесуде Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуал­ға ерекше назар аударды. – Ауғанстанға қатысты ұстанымымыз айқын. Ха­лықаралық қоғамдастықтың осындай бет­бұрыс­тар кезінде Ауғанстаннан іргесін аулақ салмай, атал­ған елге көмек беріп, қолдау көрсетуі қажет деп есеп­тейміз. Біз Ауғанстанның уақытша жаңа үкі­ме­тін инклюзивті, барлық этникалық топтар мен қо­ғамдық-саяси күштердің мүддесін құрметтейді деп үміттенеміз. Қазіргі Ауғанстан Үкіметі адам құ­қықтарын, әйелдер мен балалардың құқықтарын қор­ғау жөніндегі міндеттемелерін орындап, халық­аралық қауымдастықты жаһандық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін тер­роризмнің, заңсыз есірткі айналымының тара­луы­нан және басқа да қиындықтардан қорғау үшін нақ­ты шаралар қабылдайтынына үміт артамыз. Со­нымен қатар Қазақстан үкіметі Ауғанстан үкі­метімен конструктивті іскерлік байланыстарды, әсіре­се сауда және гуманитарлық ынтымақтастық са­ла­ларындағы қатынастарды орнатуға дайын, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда тұратын қа­зақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету­дің маңызды екеніне тоқталды. Ол Буяр Османиге Қазақстан азаматтары мен этникалық қазақтарды өз Отанына қайтару жөнінде, сондай-ақ әлемдік қауым­дастықтың халықаралық ұйымдар қызметкер­лерін, оның ішінде БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек беру жөніндегі миссиясын эвакуациялау жұмыс­тары­на көмектесу жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтты. Өз кезегінде Буяр Османи кездесуге мүмкіндік бер­гені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, екі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жасаған са­парының символдық мәні бар екенін атап өтті. Ауғанстан бағыты бойынша халықаралық әдіс­терді жұмылдыруда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ба­­­­сымдыққа ие екені атап өтілді.