«Nur Otan» берілген уәделерді орындауда
«Nur Otan» берілген уәделерді орындауда
153
оқылды

«Nur Otan» партиясында «Өз­ге­ріс­тер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқаны ай­тыл­ды. Жыл басынан бері Елбасы – пар­тия Лидері Нұрсұлтан Назар­баев­тың тапсырмасы бойынша қа­былданған әрбір өңір, қала және аудан бойынша 217 Жол картасы аясында республикалық индикаторлардың 11%-ы және өңірлік деңгейлерде 12%-ы орындалды.

Партияның баспасөз қызметінің мә­лі­метінше, өңірлерде 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй, 12,2 мың орындық 34 мек­теп, 15 медициналық нысан, 4,5 мың орын­дық 68 балабақша салынды. 800 млрд теңгеге инвестиция тартыла оты­рып, 77 жаңа кәсіпорын ашылды. Тұрақ­ты жұмыс орындарына 160 мыңнан ас­там адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін тағы 200 түрлі әлеу­мет­тік нысан, оның ішінде жаңа мек­теп­тер, ауруханалар және тағы да басқалары іс­ке қосылады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қа­­ласында медициналық қызмет көр­се­тудің сапасы мен қолжетімділігін жақ­­сарту үшін 6 дәрігерлік амбула­тория­ның құрылысы аяқталды. Алматы облысында жаңа цемент зауытының ашылуына бай­ланысты тағы 500-ге жуық жұмыс орны ашыл­ды. Түркістан облысында 110 МВт-ты құрайтын үш күн электр стансасы іске қосылды. Бұл жылына 117 мың тон­на көмірқышқыл газымен атмос­фера­ның ластануын болдырмауға мүм­кін­дік береді. Батыс Қазақстан об­лы­сын­да 600 балаға арналған 12 балабақша ашылды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру де жалғасуда. 1 681 балабақша мен 5 536 мектепте ерек­ше балаларға жағдай жасалған. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар балалармен жұ­мыс істеу үшін балабақшалардың 2,5 мың­нан астам педагогі және мектеп­тер­дің 36 мың мұғалімі біліктілікті арттыру кур­сынан өтті. Сонымен қатар Нұр-Сұл­тан қаласында, Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ақмола об­лыстарында мүгедек балаларға арнал­ған арнайы оңалту орталықтары ашыл­ды. Еске сала кетейік, Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев жария еткен «Nur Otan» партиясының сайлауалды уәделері аясында 2025 жылға дейін 1 млн отбасы үшін 100 млн шаршы метрден ас­там тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3,5 мың ауыл мен 5 мың мектепке қайта жөн­деу жұмыстары жүргізіледі. 25 мың ша­қырым республикалық және 27 мың жер­гілікті жолдарды салу және қайта жаңарту жоспарланды. Әлеуметтік төлемдерді жыл сайын ин­декстеуге 3 триллионнан астам теңге бө­лінеді. Денсаулық сақтауды қаржы­лан­дыру көлемі ЖІӨ-нің 5%-ына дейін жет­кізілетін болады. 3 жастан 6 жасқа дейін­гі балалар мектепке дейінгі тәр­бие­мен 100% қамтылатын болады. Айта кетейік, барлық тармақтармен то­лығырақ nurotan.kz сайтынан танысуға бо­лады.

Әбілмансұр ЖАСАН