Министрлік жазаланатындар тізімін жолдады

Министрлік жазаланатындар тізімін жолдады

Білім және ғылым министрлігі мектептерге қатысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға шара қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдады. Әңгіме мектеп ау­ласындағы дәретханалар мәселелерін шешпеген, бей­небақылау камераларымен, дабыл батырмасымен, қауіп­сіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамту туралы мін­дет­терді орындамағандар туралы.

Оқу жылының қарсаңында БҒМ-нің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері барлық облыс пен қалалардағы әкімдік­терге бағынышты мектептерді тексерді. Инспекция барысында Түркістан, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай об­лыстарындағы және Шымкенттегі мектептерде жылы дәретхана­лар­ды жабдықтау бойынша көрсет­кіштің 100%-ға жетпейтіні анық­тал­ды. Үкімет оқу жылының басында мектеп ауласындағы барлық дәретхананы жою міндетін қойған. Қолданыстағы жылы дәре­т­ханалардың эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі бойынша да сұрақтар туындады. Мысалы, жа­бық кабиналар, қолды жуу және кеп­тіруге арналған құрал-жабдық­тардың болуы және тағы басқа та­лап­тар сақталмаған. Осы мәселе­лерді шешу үшін БҒМ комитеті са­нитарлық ережелерге өзгерістер енгізді. Жалпы, жергілікті атқару­шы органдар қысқа мерзімде 2 600-ден астам жылы дәретхана жа­сапты. Ал Алматы, Шығыс Қа­зақ­стан және Түркістан облыстарын­да бейнебақылау камераларын орнату мәселелері толық шешілмеген.

Елдос СЕНБАЙ