Биыл егін шығымдылығы төмен
Биыл егін шығымдылығы төмен
120
оқылды

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін ору науқанының қалай жүріп жатқанын баяндады. Ведомствоның хабарлауынша, 2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша республика көлемінде 11,8 миллион гектардан дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл биыл орақ салынатын жал­пы егістік алаңының 74,3%-ы. Яғни, орақ науқаны аяқ­талуға таяу.

Биылғы орташа өнімділік гектарына 8,7 центнерден ғана айналып отыр. Осылайша, әзірге 10,3 мил­лион тонна астық бастырылды. Осы жылдың шілде-қазан ай­ларында егіншілерге 396,5 мың тонна бағасы арзандатылған дизель отынын тарату жоспар­лан­ған-тын. Оның 221,1 мың тоннасы немесе 56% ғана тиеліп, жө­нел­­­тілді. Энергетика министрлігі мұнай өңдейтін зауыттармен бірлесіп, 1 литр дизель үшін 156 теңге баға­сын белгіледі. Бірақ оператор­лар­дың жеткізу құны қосылғанда өңірлерде орташа баға әр литр үшін 177 теңге, бұл нарықтық ба­ға­дан 11%-ға ғана арзан (ЖҚС-тер­де – 198 теңге). «Жалпы, егін жинау науқаны штаттық режимде өтіп жатыр. Ауа райы қолайлы болған жағдайда егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтап, астық жинау бойынша болжамдар толық орындалады деп жоспарланып отыр», – деді АШМ.