Эльмира Қазиева: Жиған тәжірибемді туған жерімнің өркендеуіне жұмсасам деймін
Эльмира Қазиева:  Жиған тәжірибемді туған жерімнің өркендеуіне жұмсасам деймін
213
оқылды

Қызылорда облысындағы 357 мем­­лекеттік органда 3 мың 390 мем­­лекеттік қызметші аймақ дамуы­на қыз­мет етеді.  Олардың 1 мың 551-і – әйел. Басшы лауазымдағы ару­лар са­ны 359-ды құрайды. Бас­шы­лық қыз­меттегі бұрымдылар са­пына биыл Эль­мира Қазиева да қо­сылды. Ол  биыл 25 шілдеде елімізде тұң­ғыш рет өт­кізілген ауыл әкімдерін сай­лау нау­қанында жеңіске жетіп, Қар­мақшы ау­данындағы Ақай ауы­лы­ның әкімі атан­ды. Жаңа науқанның алғашқы жеңім­пазы атанған Эль­мира Орда­бай­қызымен сұхбаттасып, алдағы жос­парымен бөлісуді жөн көрдік...

– Эльмира Ордабайқызы, елімізде ал­ғаш рет өткізілген ауыл әкімдерін сайлау нау­қанындағы жеңісіңізбен құттықтаймыз. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілей отыра, ел үшін етер еңбегіңіздің еселене түсетініне се­­не­міз. Ауыл әкімі болу да ауыр жүк екенін бі­­леміз, әйел затына бұл лауазым қиын ти­мей ме? – Гендерлік саясат – гендерлік тең­дік­ке қол жеткізуге бағытталған мем­ле­кет­тік және қоғамдық қызмет. Ал гендерлік тең­дік дегеніміз – әлеуметтік функция­лар­ды орындау кезінде жынысына қара­мас­тан әйелдер мен ерлердің ресурстар мен игіліктерге тең дәрежеде қол жеткізуі. Бұған дейін де Сыр өңірінде аудан, ауыл басқарған апаларымыз жетерлік. Олардың бәрі ерлермен иық тіресе қызмет етіп, ту­ған жердің гүлденуіне өлшеусіз үлес қосты деп айта аламын. Өзіңіз білесіз, біздің аймақты да қазір әйел адам басқарады. Еліміз бойынша тұң­ғыш рет біздің өңірде әйел адам облыс әкі­мі лауазымына қол жеткізді. Ол кісінің жұмысына бүгінде ел тұрғындары оң бағасын беріп жатыр. Сондықтан да әйел затына ел басқару аса қиын тимейді деген ойдамын. Әрі «Nur Otan» партиясы да бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр. – Сізді әкімдікке сайлауға түсуге елді ме­­­кеннің қандай мәселелері түрткі болды? Жалпы, әкім болудағы мақсатыңыз... – Ақай ауылдық округі 2005 жылғы сәуір айында Төретам кентінен бөлініп, ауыл­дық округі болып құрылғаннан 2018 жыл­ға дейін әкім аппаратында 13 жыл үздік­сіз қызмет атқардым. Осы жылдары ха­лықпен етене араласып, тұрғындардың ты­ныс-тіршілігімен таныспын. Түрткі бол­ған мәселе – Ақай ауылын көркейтіп, абат­тандыру және халықтың тұрмыс-тір­шілігін жақсарту. Осы кезеңге дейінгі алған білімімді жә­не өмірден жинақтаған іс-тәжірибемді округ тұрғындарының әл-ауқатын және шаруа­шылық құрылымдарының эконо­микалық нығаюына жұмсасам деймін. – Ел басқаруда бұрынғы әкімдерге қара­ған­да қандай жаңашылдықтарды қолға ала­сыз? – Жоғырда осыған дейін мемлекеттік қыз­меттің бірталай сатысында болғаным­ды тілге тиек еттім. Сондықтан бұл салада тә­­­жірибем бар. Қазір әлеуметтік желі да­мыған заман. Бүгінгі эпидахуалға қара­мас­тан елмен етене болудың мүмкіндігі мол. Сол себепті жұмыс жоспарларымды үнемі ауыл тұрғындарымен ақылдаса отырып бекітіп, атқарылған істерді оларға баяндап, ха­лықпен тығыз байланыста болғым ке­леді. – Қызметке кіріскенде ең алдымен қай мә­селені қолға алдыңыз? Шешімін тауып келе ме? – Ең алғаш мәселе көшелерге орташа жөн­деу жұмыстары. Құдайға шүкір, ауы­лы­мыздың 7 көшесіне орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізілді. Алдағы уақытта қал­ған көшелерді де заманға сай көркейте бер­мекпіз. – Сайлауалды бағдарламаңыздағы не­гіз­гі мәселелерді атап өтсеңіз... – Сайлауалды бағдарламамда 2021-2025 жылдары ауылішілік көшелерді ор­та­ша және күрделі жөндеуден өткізу мә­се­лесін шешуді қарастырдым. Жаңа айтып өт­кенімдей, бұл жұмыстарды бастап та кет­тік. Содан кейінгі ең маңызды жос­парым­ның бірі – 2022-2025  жылдары ауылды газ­бен жабдықтауға ықпал ету. Одан бөлек, елді мекен тұрғындары ара­сында кәсіпкерлікті жандандыру да жүйе­лі түрде жүзеге асса деймін. Өйткені кә­сіпкерлік саласына мемлекеттен жа­са­лып жатқан қолдау жеткілікті. Әрбір ауыл әкімі кәсіп бастаймын деген халыққа қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берсе, ауыл­дарда жұмыссыздық деңгейі азаяр еді. Біз­дің Ақай ауылының кәсіпкерлік са­ла­сын дамытуға мүмкіндігі мол. – Осы өзіңіз айтып отырған жоспа­рыңыз­ды орындауға берілген мерзім жет­кілік­ті ме? Осы аралықта орындауға толық мүмкіндігіңіз бар ма? – Әрине, толық мүмкіндік бар. Сөз басында айтқанымдай, көшелерге жөн­деу жұмыстары күн тәртібінен түс­пейді. Ал ауылды газдандыру мәселесіне ке­летін болсақ, алдағы уақытта Ақай ауылын кө­гілдір отынға қосу жоспарланған. Тар­­ты­латын газ құбырлары мен орамішілік газ тарату желілерін салу құрылысына мем­лекеттік сатып алу жұмыстары жүргі­зі­ліп жатыр. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша тұр­ғын­дармен тығыз байланыста жұмыс іс­тей­мін. – Бұл мерзім өткен соң келесі сайлауға да түспек ойыңыз бар ма? – Қазақта «балапанды күзде сана» де­ген нақыл сөз бар. Сол секілді осы мерзімде ат­қарған жұмыстарымның көрсеткіші келер сайлау жақындағанда белгілі болады. Ол кезде мен сайлаушыларымның сенімі­нен шыға алдым ба, жоқ па, айқындалады. Сон­дықтан бұл сұрақтың жауабын уақыт­тың еншісіне қалдырсам. Себебі маған ауыл тұрғындарының жұмысыма берген ба­ғасы маңызды. – Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы