«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанның барлық аумағына солтүстік-батыс антициклонның ықпалы әсер етеді. Сондықтан басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауады. Атырау облысының кейбір жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кейбір жерінде тұман түседі. Маңғыстау мен Ақтөбе облысының кейбір аймағында желдің екпіні 15-20 м/с-ке артады.