Қазнет пайдаланушылары Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерді төлемдерден айырамыз деп қорқытатынын жазуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі", – деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.Сондай-ақ, ведомство өкілдері аймақта үгіт-насихат жұмыстары барысында вакциналардың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілетінін, тұрғындарға коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат ұсынылған парақшалар таратылатынын жеткізді. Емханаларда дәрігерлер иммундауға арналған препараттардың құрамы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы азаматтардың сауалдарына қажетті түсініктемелер береді.